Тимур Сүлейменов валюта бағамы 340 теңгеден аспайтынына сенімді

681

Тимур Сүлейменов валюта бағамы 340 теңгеден аспайтынына сенімді

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамы 340-тан аспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Үкімет ретінде парламентке енгізген әлеуметтік-экономикалық даму болжамында теңгенің долларға шаққандағы бағамын 340 теңге деп көрсетуіміздің өзі біздің сенімді екенімізді білдіреді. Бұдан артық ештеңе болмайды", — деп сендірді министр мәжіліс залынан тыс жерде.

Сүлейменов рубльдің долларға шаққандағы бағамының 70-80-90 рубльге өсуі мен тиісінше теңге бағамының өсуін қарастыратын үш сценарий әзірленгенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу