Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

1280

Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

ҚР бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Тимур Сүлейменов Қостанай облысының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құқық қызметі органының жаңа басшысын ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов 1975 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін аяқтап, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурордың көмекшісі қызметіне орналасады. Осыған дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов прокурор жұмысына сәттілік тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу