Тимур Сұлтанғазиев: 5 адамның ПТР-сынамасын бір пробиркаға салып зерттегенбіз

1109

ПТР-тест құралдарына 15,6 млрд жұмсалған.

Тимур Сұлтанғазиев: 5 адамның ПТР-сынамасын бір пробиркаға салып зерттегенбіз

Денсаулық сақтау министрлігі мамыр мен маусым айларында ПТР-тест зерттеулерін жылдамдату үшін адамдарды топтап тексеріп келген. Мұны мамандар өз арасында "пулинг" технологиясы деп атайтын көрінеді. Бір қызғы, араға бір ай салып ведомство бұл тәсілден бас тартып, қайтадан әр адамның талдауын жеке зерттеуге көшіпті. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

"Маусым айында тест жасау үшін пулинг деген технология қолданылған болатын. Ол тәсіл бойынша мысалы 5 адамның талдауларын бір пробиркаға салып, тезірек  анализ жасаған болатынбыз. Мамыр және маусым айларында күнделікті ПТР-тестің үлкен мөлшерін көрген болатынбыз. Ол кезде біз профилактикалық скринингтер жүргізген едік. Симптомдары жоқ, сырқат емес немесе науқаспен байланыста болмаған ұжымдарда тексеріс жүргізу кезінде мұндай технология  дұрыс болған еді. Ал қазіргі уақытта біздің тестілеу тактикамыз өзгерген. Маусым айының соңынан бастап жаңағы  коронавирустық инфекциялардың саны жоғарылағаны байқалуда.  Сондықтан мұндай технологияны жүргізу қажет болмай қалды. Сондықтан біз бөлек-бөлек,  әрбір адамға жеке зерттеулер жүргізе бастадық. Соның әсерінен тестілеудің мөлшері біршама азайғанын көріп отырмыз. Мұны шешу үшін алдында да айтқанымыздай, Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлінген. Комитеттің зертханаларына қосымша ПТР-анализаторлар сатып алынатын болады. Сол құралдар келгеннен кейін тестілеу мөлшері үлкейеді. ПТР-анализаторлар мен 1,2 млн тест жүсейсін сатып алу үшін 15,6 млрд теңге бөлінген болатын", – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу