Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды

601

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тимур  Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.

Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – "Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы" АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.

2010-2013 жылдары "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары – "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының" президентi.

2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.

2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.

2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.

2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.

2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу