"Тинькофф" "Яндекске" сатылмайтын болды

386

Осыдан кейін қос компанияның акциялары арзандап кетті.

"Тинькофф" "Яндекске" сатылмайтын болды

TSG Group Holding яғни "Тинькофф" тобы "Яндекс" компаниясына сатылу туралы келіссөздердің тоқтағанын мәлім етті. Ресми дерекке сүйенсек, тараптар "Тинькофф"-тың бақылаушы акционерімен талқылау жүргізгеннен кейін келіссөздерді тәмамдау туралы шешім қабылдаған. 

"Тинькофф" тобы енді банктің өз бетінше жұмыс істейтінін алға тартып отыр.
Банк сатылмайды деген ақпараттан кейін "Яндекс" акциялары 4%-ға, "Тинькофф" тобыныкі 7%-ға арзандаған.

TCS Group компаниясының "Яндекске" саудаланатыны туралы 22 қыркүйекте жарияланған болатын. Rbc.ru басылымының дерегінше, оның әр акциясы шамамен 27,64 долларға бағаланды. Келісім жасалады деген ақпараттан кейін "Яндекс" акцияларының құны Nasdaq биржасында 12%-ға, Мосбиржада 8,2%-ға қымбаттады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу