Тірі қойларды экспорттауға квота енгізілуі мүмкін

900

Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңашылдықты күзге дейін қарастырып, бір мәмілеге келмекші. 

Тірі қойларды экспорттауға квота енгізілуі мүмкін

Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі қойларды экспорттауға квота енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Аtameken Business. Яғни, шаруа қожалықтары шетке ұсақ мал түрін шектелген көлемде сата алатын болады. Жаңа ереже әлі бекітілген жоқ. Министрліктегілер жаңашылдықтың егжей-тегжейін күзге дейін қарастырып, бір мәмілеге келеміз деп отыр. Ал жылдың басынан бері ұсақ мал саны 20 млн бастан асқан. Былтыр өсім 902 мың басты құраған болатын. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Сөйтіп, бүгінгі таңда елімізде 27,1 миллион бас ұсақ мал бар. Дегенмен олардың төрттен бір бөлігі шетелге кетіп жатыр. Әсіресе, қойларға Өзбекстан елі қызығушылық танытуда. Биыл көрші елге 14 мыңға жуық бас ұсақ мал жіберіліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу