Тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7% өсті

221

Бұл ретте оның 2 002,2 мың бірлігі - жұмыс істеп тұрғандар. 

Тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7% өсті Фото: baq.kz

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 178,9 мың бірлікті құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 7% өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жұмыс істеп тұрған субъектілер үлесі:

  • 68,4% – дара кәсіпкерлер
  • 18% – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалары
  • 13,5% – шаруа не фермер қожалықтары
  • 0,1% – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар

Жұмыс істеп тұрған субъектілердің 35,1% саудамен, 15,6% басқа да қызмет түрлерімен, 14,3% ауыл шаруашылығымен айналысады.

 Шағын орта кәсіпкерлік секторында елдің экономикалық белсенді халқының жалпы санының 45,6% еңбектенеді. Мұнда жұмыспен қамтылғандардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 5,3% өсіп, 4 326 мың адамды құрады.

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика бойынша ЖІӨ ШОК үлесі 36,5% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,5 п.т. өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу