Тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырғандарға ақша төленеді

884

Мемлекет оның түріне байланысты оннан жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін ақша төлейді.

Тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырғандарға ақша төленеді

10 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кезекті сатып алу акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ерікті түрде тапсырылған әрбір қаруға мемлекет оның түріне байланысты оннан жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін ақша төлейді.

Тіркелмеген атыс қарулары мен оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Айта кетейік, "Шұғыл желі" телефондары: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті – 716-170, 716-366, Алматы АПБ – 716-737, Сарыарқа АПБ – 71-66-46, Есіл АПБ – 71-65-61, Байқоңыр АПБ - 32-26-14.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу