Тіркелмей хабар таратып жүрген шетелдік операторлар анықталды

602

Арнайы жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан аумағында тіркелмеген шетелдік спутниктік операторлардың (ТШСО) ену үлесі 15%-ды құрайтынын паш еткен. 

Тіркелмей хабар таратып жүрген шетелдік операторлар анықталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бүгінде Қазақстанда тіркелмеген шетелдік спутниктік операторлардың елімізге хабар таратуына қатысты салмақты проблема барлығын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олардың қатарында "РадугаТВ", "Триколор ТВ", "НТВ+", "Орион Экспресс", "Ямал", "Hotbird", "Платформа HD", "Телекарта" секілді операторлар бар.

Арнайы жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан аумағында тіркелмеген шетелдік спутниктік операторлардың (ТШСО) ену үлесі 15%-ды құрайтынын паш еткен. Бірақ бірқатар облыста бұдан бірнеше есе жоғары. Бұл жайында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заңының жобасына тұжырымдамада айтылған.

"Спутниктік хабар таратудың таралуына жүргізілген талдау Ресей федерациясымен шекаралас 4 өңірде ТШСО-лардың ену деңгейі жоғары болып отырғанын көрсетеді. Бұл ретте OTAU TV-ның хабар тарату деңгейі ТШСО-мен салыстырғанда төмен болып қалуда. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында – OTAU TV үлесі 30%, тіркелмеген шетелдік спутниктік операторлар үлесі – 40%. Қостанай облысында OTAU TV– 17%, ТШСО – 19%. Павлодар облысында "OTAU TV" – 18%, ТШСО – 26%. Солтүстік Қазақстан облысында OTAU TV – 16%, ТШСО – 27%", – делінген осы құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу