"Тіркемеде 45 жылқы бар": Арқалықтан Астанаға бағыт алған жүк көлігі аязда қалып қойды

177

Көліктің жанармай сүзгісі қатып, қозғалтқышы істен шыққан.  

"Тіркемеде 45 жылқы бар": Арқалықтан Астанаға бағыт алған жүк көлігі аязда қалып қойды Фото: Видеодан скриншот

Арқалық қаласынан Астанаға бағыт алған жүк көлігі қатты аяздың салдарынан жол ортасында тоқтап қалды. Тіркемеде 45 бас жылқы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәлімет түскен бойда Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына шұғыл жетті.

Құтқарушылар тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жүргізушіге техникалық көмек көрсетті:

  • Көлікті жөндеуге қажетті арнайы құрылғылар жеткізілді;
  • Тіркемедегі жылқыларға арнап жем-шөп ұйымдастырылды;

  • Жүргізуші мен көліктің техникалық жағдайы толық бақылауға алынды.

"Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жағдай тұрақталды. Көлікке де, тасымалданып жатқан жануарларға да ешқандай қауіп жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу