Тіркеуде жоқ азаматтарға арналған сайлау учаскелерінің тізімі жарияланды

543

Елорда әкімдігі тіркеуде жоқ азаматтар дауыс бере алатын  сайлау учаскелердің тізімін жариялады. Қала бойынша мұндай 23 сайлау учаскесі дайындалған, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.  

Тіркеуде жоқ азаматтарға арналған сайлау учаскелерінің тізімі жарияланды Фото: inform.kz

Олардың алтауы - Алматы ауданында, үшеуі - Байқоңыр, бесеуі - Есіл және 9-ы Сарыарқа ауданында. Дауыс беру құқығын пайдалану үшін, қазір тіркеусіз жүрген қазақстандықтар, аталған учаскелердің біріне келіп, сол жерде уақытша тіркелуі керек. Келушілерге мемлекеттік корпорация қызметкерлері көмектеседі.

Жалпы, сайлау күні Елордада 406 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу