Тіркеуден өтпеген микроқаржылық ұйымдардың жұмысы тоқтатылады

984

Микронесие берумен айналысатын 3 мың компанияның тек 1 мыңнан астамы ғана талаптарды сақтаған. 

Тіркеуден өтпеген микроқаржылық ұйымдардың жұмысы тоқтатылады

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлім етті.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап несиелік серіктестіктер, ломбардтар мен онлайн несие беретін компаниялар сынды микоқаржы ұйымдарының жұмысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен реттеледі. Біз мұндай мекемелердің жеке капиталына, басшыларының біліктілік деңгейіне, қауіпсіздік бойынша ломбардтардың кеңселеріне қойылатын техникалық талаптарды күшейттік", – деді ол.

Нұрлан Әбдірахмановтың сөзінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі барлық банктік емес ұйымдарды есептеу мен тіркеу жұмыстарын жүргізген. 2020 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша микронесиелеумен айналысатын 3 мың субъектінің тек мыңнан астамы тіркеуден өткен. 

"227 микроқаржылық ұйым, 211 несиелік серіктес, 667 ломбарт тіркеуден өтті. Өзгелері жұмыс істемейді немесе капиталы жеткіліксіз болғандықтан жұмысын тоқтатуды жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тіркеуден өтпеген компаниялардың жұмысын тоқтату бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайтынын ескерткім келеді", – деді агенттік төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу