Тіркеусіз жүрген шетелдік көліктер ел аумағынан шығарылады

2463

Бүгінде сақтандыру компаниялары ұсынған ресми дерек бойынша республикада шетелдік номерлі 169 мыңнан астам көлік бар.  

Тіркеусіз жүрген шетелдік көліктер ел аумағынан шығарылады

Бұл талап "Жол қозғалысы жөніндегі" жаңа заңның 63-ші бабына сәйкес жақын арада жүзеге аспақ, деп хабарлайды Atameken Business.      

Құжатқа сәйкес, енді елмізде Ресей, қырғыз және армян көліктерінің қазақстандық тіркеу номерінсіз қозғалысына 12 ай ғана рұқсат етілмек. Бұл норманың "Халықаралық жол қозғалысы" қатысушыларына ғана қатысы жоқ.

Ал өзгесі осы мерзім аралығында темір тұлпарын тиісті салығын төлеп, тіркеп үлгеруі керек немесе бір жыл толмай қайта шекара асып, тек 30 күннен соң қайта оралып тағы бір жылға дейін тіркеусіз жүруіне болады. Ал жыл ішінде тіркелмей, мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылған көліктер Қазақстанға қайта кіргізілмейді.

Сондай-ақ, оның иесіне 26 мың 510 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ішкі істер министрлігі тіркеусіз жүрген көліктерді "Поток" және "Сергек" жүйесі мен патрульдік  экипаж көмегімен анықтайтын болады. Бүгінде сақтандыру компаниялары ұсынған ресми дерек бойынша республикада шетелдік номерлі 169 мыңнан астам көлік бар. Ал бейресми мәлімет бойынша олардың саны 200 мыңға жуықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу