2016 жылы өмір сүру құны халықаралық рейтингісінде Қазақстан 122 елдің арасында 119-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды LS.
Numbeo порталы құрастырған рейтингіде еліміз мұның алдында 62-ші орыннан көрінген болатын. Шолу азық-түлік, баспана, спорт қызметтері, көңіл көтеру және көліктің бағасы есепке алынып жасалады.
Шолуда айтылғандай, Қазақстандағы тіршілік ету құны АҚШ-қа қарағанда 59%-ға төмен, ал жалға алу 72%-ға арзан.
Өмір сүруге өте қолайлы елдер қатарына Үндістан, Молдова, Пәкістан, Украина, Непал, Грузия, Алжир, Әзербайжан еніп отыр. Ал тіршілік ету үшін ең жоғары баға Бермуд аралдарында, Швейцария және Багамада тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу