Тіс емдету үшін зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

448

ДСМ тиісті ұсыныс тастады. 

Тіс емдету үшін зейнетақы жинағын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін Фото: Вузопедия

Денсаулық сақтау министрлігі "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство бір жолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтерді қайта қарап жатыр. 

"Бұйрық жобасында зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын аңықтауға байланысты стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, имплантациялау) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді", – делінген хабарламада.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұйрық жобасын көпшілік талқылау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кету керек, бұған дейін қазақстандықтар "тіс емдетемін" деп зейнетақы шотынан 757 млрд теңге алғанын жазғанбыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы 200 миллиард теңгені заңсыз шығару фактілері анықталды. 15 қыркүйектен бастап тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу