Тіс емханасында қайтыс болған қыздың өлімі тергеліп жатыр

1332

Алматы қаласындағы тіс емханаларының бірінде болған адам өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тіс емханасында қайтыс болған қыздың өлімі тергеліп жатыр

"Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісінше орындамау салдарынан орын алған қайғылы оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", – деп нақтылады полиция департаментінің өкілдері. 

Белгілі болғандай қылмыстық істі Әуезов ауданының полиция басқармасы жүзеге асырады. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мария Сергеевна есімді әйел адамның "Рахат" клиникасында көз жұмғаны жарияланды. Тісін емдетуге барған адам инъекциядан кейін анафилактикалық шок алған. Мекеме қызметкерлері жедел жәрдем шақырмай, пациентті 2 сағат реанимациялауға тырысқан. Оқиға қыздың өлімімен аяқталған. 
Қайтыс болған қыздың туыстары дәрігер Әлихан Сейтбековты кінәлап отыр. 
"Маша қалыңдық көйлегімен жерленді. Ол тұрмыс құруға дайындалып жүрген", – деп жылады қайтыс болған қыздың бауырлары. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу