Тишин кенішіндегі апатта топырақ астында қалған машинист әлі табылған жоқ

869

 Арада бір аптаға жуық уақыт өтті. Құтқарушылар дамыл таппай жұмыс істеп жатыр.

Тишин кенішіндегі апатта топырақ астында қалған машинист әлі табылған жоқ

ШҚО-дағы Тишин кенішінде құлаған тау жынысының астында қалған машинисті іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

24 тамызда Риддер кен-байыту кешенінің Тишин кенішінде машинист көлігімен бірге үйіндінің астында қалып қойған болатын. Арада бір жұмаға жуық уақыт өтті. Оператор табылар емес.

"Казцинк" ЖШС қоғамммен байланыс басқармасының айтуынша, құтқарушылар мен шахта жұмысшылары жұмылып, күн-түн демей іздестріп жатыр. Оқиға болған жерге жақындай түскен көрінеді. Мамандар енді опырылған қалың жыныс операторды әлдеқайда селдей көшіріп әкетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Жұмысшының тірі қалу-қалмауы екіталай.

Құтқарушылар дамыл таппай жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу