Тишин кенішіндегі апатта үйінді астында қалған жүргізуші әлі табылған жоқ

1071

Кеніште апат орын алғалы екі аптадан асты.

Тишин кенішіндегі апатта үйінді астында қалған жүргізуші әлі табылған жоқ

24 тамыз күні "Қазцинк" ЖШС-нің Риддердегі кенішінде тау жынысы опырылған болатын, ал үйінді астында қалған жүк көлігі мен жүргізушісі әлі табылған жоқ, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Кеншіні іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ол жерге қандай да бір оқыс жағдай бола қалса, дереу қатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бетон қойылды. Бұның арқасында бір емес, үш жақтан бірдей іздестіруге мүмкіндік туып отыр.

Бұл жұмыспен қатар бүкіл кеніш ішіне толықтай тексеріс жүріп жатыр. Адам өміріне қауіпсіз жағдай туғызамыз деп отыр компания басшылығы.

Ал Тишин кенішіндегі бұл оқиғаның себебі алдағы уақытта анықталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу