Титан – цирконий кенін іздеу-бұрғылау жұмыстары басталды

1088

Титан – цирконий кенін іздеу-бұрғылау жұмыстары басталды

Қостанай облысында титан-цирконий кенін іздеу-бұрғылау жұмыстары басталды. Бұл инвестициялық жобаны қазақстандық "Қазгеология" және австралиялық "Илюка" кәсіпорны бірлесіп жүзеге асырып отыр. 2015-ші жылы басталып , үш жылға есептелген барлау жұмыстарына 4 млн австралия доллары көлемінде инвестиция тартылған. Қос компания Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары аумағы кіретін 50 шаршы шақырым жерге былтыр аэрогеофизикалық барлау жүргізген. Соның нәтижесі бойынша енді бұрғылауды бастады.

Энтони Торнтон, "ILUKA Exploration Kazakhstan" ЖШС бас директоры:

"Австралия титан-цирконий өндіруден әлем бойынша көш бастап тұр. Сондықтан олардың бұл саладағы озық технологиясын пайдалануға біздің ел де мүдделі. Мысалы жол талғамайтын көліктерге орналастырылған мына бұрғылау қондырғыла - жинап-құрауға жеңіл, өнімділігі жоғары. Сондықтан шығыны да аз. Инвесторлар егер титан-цирконийдің мол қоры табылса осы өңірден оны өңдеп байытатын зауыт салуды көздейді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу