"Титан" апаты: болжамды адам қалдықтары табылды

988

Канада мамандары суасты көлігінің сынықтарын алып шықты.  

"Титан" апаты: болжамды адам қалдықтары табылды Фото: Новые Известия

"Титан" қалдықтары табылды. Суасты көлігінің сынықтары арасында адам денесінің бөлшектері болуы мүмкін. Канада мамандары осындай мәлімдеме жасады.

Жарылып кеткен кеме қалдықтары кранның көмегімен көтеріліп, Сент-Джонс айлағындағы жүк көлігіне тиелді. 5 адам опат болған оқиғаны толық зерттеу үшін бұл қалдықтардың маңызы зор.

Өткен аптада Канада және АҚШ билігі біріккен тергеу туралы жариялады. Ал, жарылып кеткен суасты көлігінде сүңгуір ұйымдастырушысы Стоктон Раш, британиялық миллиардер Хамиш Хардинг, Пәкістаннан шыққан бизнес көшбасшысы Шахзада Давуд және оның ұлы Сулейман, француз океанографы Пол-Анри Наргеоле болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу