"Титан" батискафындағы апат: Миллиардер отбасына не қалдырды

99

2023 жылдың шілдесінде Атлант мұхитында "Титаниктің" суға батқан жеріне экскурсия жасау кезінде "Титан" батискафында жарылыс болды. 

"Титан" батискафындағы апат: Миллиардер отбасына не қалдырды Фото: Голос Америки

Оқиға салдарынан тереңдігі 3 810 метрге жеткен аппараттағы бес адам, соның ішінде пәкістандық-британдық кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман Дауд қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Шахзада Дауд Пәкістандағы ең бай әулеттердің бірі, жылдық айналымы 1,3 миллиард фунт стерлингке жететін бизнес империясының мұрагері болатын. Ол тыңайтқыштар, азық-түлік және энергетика салаларында жұмыс істейтін "Engro Corporation" компаниясының төраға орынбасары, химикаттар сатумен айналысатын "Dawood Hercules Corporation" компаниясының басшысы және халықаралық SETI ғылыми-зерттеу институтының сенімді өкілі ретінде белгілі еді.

Әкесінің ізімен келе жатқан ұлы Сүлейман Дауд Карачидегі отбасылық бизнесте жұмыс істеп, Шотландияның Глазго қаласындағы Стратклайд университетінде білім алып жатқан.

Алайда, трагедиядан кейін Шахзада Даудтың өсиет қалдырмауы оның отбасына мұрасын толық алуға мүмкіндік бермеді. Британдық Суррей графтығында тұратын жесірі Кристина Дауд пен қызы Алинаға небәрі 76 958 фунт стерлинг (93 900 доллар) көлемінде ғана қаржы берілген.

Кәсіпкердің негізгі байлығы оның тұрақты тұрғылықты жері болған Пәкістанда қалған. Сондықтан оның отбасы Ұлыбританиядан тыс жерде орналасқан активтерге қол жеткізе алмады.

Еске сала кетейік, "Титан" батискафының апаты аппараттың суға түскенінен кейін 1 сағат 45 минут өткен соң орын алған. АҚШ жағалау күзеті сынықтарын "Титаниктің" тұмсығынан 500 метрдей жерде төрт күннен кейін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу