Қызылорда облысының Арал ауданында титан өндіретін кен байыту комбинаты салынады. Өңір үшін ерекше жоба республикалық индустрияландыру картасына енгізілген, деп хабарлайды khabar.kz.
Бүгінде өндірістік нысанның техника экономикалық негіздемесі жасалып қойылды. Жоба құны 3,4 миллиард теңгені құрайды. Қазақстан даму банкі мен жергілікті инвестор бірігіп қаржыландыратын комбинат құрылысын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Өндіріске қажет шикізат Ақеспе елді мекенінің маңынан алынады. Титанның негізгі бөлігі ракета-космос өндірісінде және химиялық, биомедициналық, зергерлік өнеркәсіпте кеңінен қолданылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу