Титаникті көруге аттанған шағын сүңгуір қайық жолаушылары жоғалып кетті

2131

Сүңгуір қайық "Титаник" батып кеткен кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке түскен.  

Титаникті көруге аттанған шағын сүңгуір қайық жолаушылары жоғалып кетті Фото: BBC

Жексенбіден бері құтқарушылар Солтүстік Атлант мұхитында жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздестіруде, деп хабарлайды inbusiness.kz еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бортта 5 адам (Франция, АҚШ, Ұлыбритания мен Пәкістан азаматтары) бар "Титан" (Titan Sub) шағын сүңгуір қайығы Солтүстік Атлантикадағы "Титаник" батып кеткен кемесімен танысу үшін 4 мың метр тереңдікке түскен.

"Titan Sub" - Oceangate компаниясына тиесілі шағын суасты көлігі. Оның салмағы 10 тонна, ұзындығы 6,7 метр және су астында 96 сағат бола алатын қайық бес адамға дейін сыйдыра алады.

Қазіргі уақытта құтқару операциясын Канада мен Франциядағы әріптестерінің қолдауымен америкалық қарулы күштер жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу