"Тізе бүгіп отыра қалды": Жезқазған университеті проректорының іс-әрекеті көпшілікті сүйсінтті

​Мұндай әсерлі сәттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

"Тізе бүгіп отыра қалды": Жезқазған университеті проректорының іс-әрекеті көпшілікті сүйсінтті Фото: бейнежазбадан

Түлектерге диплом табыстау рәсіміндегі ер адамның әрекеті желі қолданушыларын таң-тамаша еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұстаз шәкіртке деген құрметі мен ізетін сөзбен емес, ісімен көрсетті: естелік суретке түсер сәтте оның қасына тізерлей отырып, өзін шәкіртімен бір деңгейде ұстады. Бұл қарапайым көрінген әрекет көпшіліктің жүрегіне жол тауып, адамгершілік пен кішіпейілдіктің жарқын үлгісіне айналды. Кейде үлкен тәрбиенің мәні дәл осындай үнсіз, бірақ мағынасы терең қадамдардан байқалады", – делінген видео астындағы жазбада.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзінше, бейнежазбадағы кісі университеттің проректоры – Дінмұхаммед Жақыпұлы. Аталмыш видеоға оқырмандар көптеген оң пікірін жазып жатыр. Көпшілік бұл іс-әрекетке сүйсініп, ер адамға алғысын жаудыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу