"Тізесімен кеудеге соққы жасаған": Испанияда футболшы ойын кезінде алған жарақатынан көз жұмды

307

Ақпарат футбол клубының ресми сайтында пайда болды.

"Тізесімен кеудеге соққы жасаған": Испанияда футболшы ойын кезінде алған жарақатынан көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Испанияның "Тенерифе" клубының 30 жастағы шабуылшысы Хесус де Мигель Аламеда "Андорра" қақпашысымен соқтығысқаннан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 2 қараша күні Испания чемпионатының екінші дивизионы матчының қосымша уақытында болды. "Андорра" қақпашысы Хесус Овоно допты сыртқа теуіп жіберу үшін айып алаңынан жүгіріп шығып, тізесімен шабуылшының кеуде тұсына соққы жасаған. Салдарынан Хесус де Мигель Аламеда жерге құлады. Төреші қақпашыға қызыл қағаз көрсетіп, оны алаңнан қуды, ал матч 2:2 есебімен тоқтатылды.

Reuters агенттігінің жазуынша, қақпашымен соқтығысқаннан кейін футболшының жүрегі тоқтап қалған. Алаңға жүгіріп шыққан дәрігерлер оған бес минуттан аса уақыт бойы шұғыл көмек көрсеткен. Кейін оны ауруханаға жеткізді. 2 қараша кешке "Тенерифе" клубы футболшының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатын. 3 қараша күні таңертең оның көз жұмғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу