ТІЖ пилоттық жобасының мерзімі тағы ұзарды

834

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу бойынша пилоттық жобасының мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ТІЖ пилоттық жобасының мерзімі тағы ұзарды

"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтан келіп түскен ұсыныстарға байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және "Виртуалды қойма" тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар комитет өкілдері тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын дайындамағандар жауапкершілікке тартыла ма деген сұраққа жауап берді.

"Салық кодексінің 176-бабына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша рәсімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығымен бекітілген. Бұл ретте көрсетілген нормативтік-құқықтық акт жеке тұлғалардың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу