ТІЖ пилот жобасының уақыты ұзарды

1585

Жоба көлеңкелі экономикамен күрес және тауарлар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

ТІЖ пилот жобасының уақыты ұзарды

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу жобасы 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жобаны жүзеге асыру барысында айыппұл салынбайды.

"Көптеген салық төлеушінің өтініші бойынша пилот жобасының уақыты ұзарды:
Акцизделетін тауарлар бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеге дейін; ЕАЭО-ға мүше елдерден әкелінетін және әкетілетін тауарлар бойынша – 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін; ДСҰ тізімінен алынуы керек және цифрлық таңба қойылатын тауарлар бойынша пилот жобасын бастау 2021 жылдың 1 шілдесінен 2022 жылдың 1 ақпанына ауыстырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін пилот жобасы (тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу – автор) осы жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды", - деді Жайдар Іңкәрбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу