ТКШ модернизациялау саласында әріптестік ұсынатын ЕДҚКБ өкілдерімен кездесті

1232

ТКШ модернизациялау саласында әріптестік ұсынатын ЕДҚКБ өкілдерімен кездесті

ТМД мен Азияны қалпына келтіру және дамыту жөніндегі Еуропаның қайта құру және даму банкінің ТМД мен Азия бойынша бас банкирі Бахтиер Файзиев халықаралық қаржы институтының ТКШ саласындағы жобалары несиелеу жобасын таныстырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Біздің мақсатымыз – қызмет секторын коммерцияландыру және инфроқұрылымдық жобалар банк операцияларының бір бөлігі. Қазақстандағы инвестицияның жиынтық көлемі 7 миллиард долларға тең, яғни ЕДҚБ Қазақстандағы мұнай-газ секторынан басқа саладағы ең ірі инвестор болып табылады", – деп атап өтті Бахтиер Файзиев.
Өз кезегінде облыс әкімшілігі бұл ұсынысқа жан-жақты қызығушылық танытты, өйткені қарызға алған қаражатты мемлекеттік ресурстарды тарту арқылы пайдалану мүмкіндігі бар.

ЕДҚБ Қарағанды қаласындағы тозу деңгейі 70 пайызға жеткен коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жобасына қатыстыру көзделіп отыр. Әрі қарай бұл тәжірибе облыстың басқа да елді мекендеріндегі ТКШ мекемелерін жаңғыртуға қолданылады.

"Тұрғын үй коммунальдық шаруашылық секторы жобасына инвестиция салуы – өте маңызды мәселе. Бізде Шахтинск ЖЭО жаңғырту, Теміртау қаласының жылу желілерін қалпына келтіру және басқа да көптеген жобалар бар. Сондықтан да біз алдағы қарым-қатынасқа мүделіміз", – деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу