ТҚЖБ IFC ұйымымен жаңа несие өнімін әзірлеу туралы келісім бекітті

1029

Жаңа несие өнімін әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2019 жылдың соңына қарай аяқталады. 

ТҚЖБ IFC ұйымымен жаңа несие өнімін әзірлеу туралы келісім бекітті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі IFC ұйымымен жаңа несие өнімін әзірлеу туралы келісім бекітті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Елімізде тұрғын үй мәселесін шешуге арналған қосымша құрал пайда болады. ТҚЖБ Бүкіләлемдік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясымен сәйкес келісім бекітті.

Жаңа несие өнімін әзірлеу бірнеше кезеңнен тұрады және 2019 жылдың соңына қарай аяқталады. Бірінші кезекте IFC банктің қазіргі қызметіне анализ жүргізеді, осыдан кейін клиенттер базасын саралайды. Клиенттердің қажеттілігін түсіну үшін халықаралық сарапшылар олардың жұмысын, табыс деңгейін, қай жерде тұратынын зерттейді. Осы деректердің негізінде банктің қазіргі өнімдер желісі және бизнес-процестері жетілдіріледі, сондай-ақ жаңа несие өнімі әзірленеді.

Банк өнімдерін жетілдіру – 2023 жылға дейінгі даму стратегиясында көрсетілген мақсаттарға жетудегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл кезеңге қарай банк клиентке бағдарланған қаржы институты атанып қана қоймай, жоғары технологиялық ұйымға айналуға тиіс.

Айта кетсек, 2018 жылдың мамыр айында депозиттерді басқа адамның атына онлайн жолмен аударуға мүмкіндік беретін жаңа аукцион қызметі қосылды. Бұл жоба жүзеге асырылғалы бері 2 104 салым сатылды. Иесі өзгерген депозиттердегі жалпы жинақ сомасы 4 млрд теңгені құрады, яғни осындай сома тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде қалып, тұрғын үйге мұқтаж жандарға баспаналы болуға көмектесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу