Бүгін 1 млн теңге сомасындағы тұрғын үй сертификаттарын 100 адам алды.
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғын үй сертификаттарын беріп, сол арқылы тұрғындар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыру жұмыстарын өткен жылы бастаған болатын. 2019 жылы 1 млн теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті 242 адам алды, олардың 113-і өз сертификаттарын активтендіріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тіимді шарттар бойынша өз баспаналарына қол жеткізді",– деп атап өтті ТҚЖБ басқарма төрайымының орынбасары Әлия Айдарбекова.
Осы жылы Нұр-Сұлтан қаласында жалпы саны 1500 тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу