ТҚЖБ-ның 24 салымшысы депозитін сатып үлгерді

1005

ТҚЖБ-ның 24 салымшысы депозитін сатып үлгерді

ТҚЖБ-ның 24 депозиті онлайн-режимде сатылды. Бұл туралы ТҚЖБ-ның abctv.kz-тың ресми сауалына жауабында айтылған.

"Келісімнің  барлығы толықтай қашықтықтан жасалды.  Сатушылар "ТҚЖБ 24" интернет-банкингте бастапқы бағасын көрсетіп, өздерінің шоттарын сату туралы хабарландыруды жариялады. Жоғары баға ұсынғандар сатып алушы болды. Тап қазіргі  уақытта 150-ден астам хабарландыру берілген. Сатуға қойылған шоттың ең төмені –200 мың теңге. Сатуға қойылған депозиттердің бірі –11 млн теңгеге тең болған. Ол алты жылда жиналған. Ықтимал сатып алушылар мұндай депозитке 12,2 млн теңге төлеуге дайын", – деді банктен.

Еске сала кетсек, 28 мамыр күні банк депозит шоттарын үшінші адамға сату мүмкіндігін қайтарған болатын. Онлайн-режимде сатып алынған салымның көмегімен алғашқы  баспанаға ипотека рәсімдеуге болады. Тек мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмайсың. Сатып алынған шот ТҚЖБ оператор болып табылатын мемлекеттік, өңірлік тұрғын үй бағдарламасына қатыса алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу