ТҚЖБ-ның өткен жылға сыйлықақысы аударылды

850

96 200 теңгені құрайтын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алды. 

ТҚЖБ-ның өткен жылға сыйлықақысы аударылды

2018 жылдың қорытындысы бойынша ТҚЖБ-ның 1 038 869 салымшысына мемлекет сыйлықақысы төленді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы банк салымшыларына төленген қаражаттан 5,6 млрд теңгеге артық.

Мемлекет сыйлықақысын төлеуге арналған соманың ұлғаюы банк клиенттері санының өсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, өткен жылы 20% көлеміндегі сыйлықақы 896 620 адамға берілген еді.

Ал, 96 200 теңгені құрайтын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алды. Яғни, аталған азаматтар 2018 жылы шоттарына кемінде 481 000 теңгені немесе  200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат сомасын жинаған. Депозитінде бұдан да үлкен қаражат сомасын жинаған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша мемлекеттік бонусты 2019 жылдың нәтижесінде алатын болады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлықақысы берілетін ең жоғарғы салым сомасы – 505 000 теңге (200 АЕК) . Осыған сәйкес, максимал мемлекет сыйлықақысы 101 000 теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша аталған соманы алу үшін банк салымшыларына ай сайын депозиттеріне орта есеппен 42 000 теңгеден салып отыру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу