ТҚЖБ салымшыларына 20 млрд теңгеден астам өтемақы төленді

670

ТҚЖБ салымшыларына 20 млрд теңгеден астам өтемақы төленді

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өз салымшыларына 20,1 млрд теңге өтемақының екінші жартысын мерзімінен бұрын төледі, бұл – 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі депозит сомасының 15,8%-ы.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ақпаратына жүгінсек, өтемақыны 284221 салым иесі алған.

"Өтемақының екінші жартысын төлеуге бағытталған 20,1 млрд теңгенің 9 млрд теңгеге жуығы – банктің өз қаржысы. Осы орайда біздің соңғы 5 жылда тапқан барлық табысымызды өтемақыға жұмсағанымызды айта кету керек. Себебі біз үшін азаматтардың өз салымын сақтап қалып, армандаған баспанасына қол жеткізуі өте маңызды", – дейді "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін өтемақы көлемі салым сомасының 35,5%-ы мөлшерінде белгіленді.

2016 жылы банк 29,3 млрд теңге өтемақының алғашқы траншын төледі. Оның 18,8 млрд теңгесі мемлекеттік бюджеттен, 10,4 млрд теңгесі банктің өз қаржысынан бөлінген болатын. 19,7%-дық алғашқы транш 316760 салымшыға төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу