ТҚЖБ салымшыларына сыйақы төлеу үшін 76 млрд теңге қажет

1209

2020 жылы 28 млрд 571 миллион теңге, 2021 жылы 24 млрд 167 миллион, ал 2022 жылы 23 млрд 629 миллион теңге үлестірілу көзделіп отыр. 

ТҚЖБ салымшыларына сыйақы төлеу үшін 76 млрд теңге қажет

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына сыйақы төлеу үшін бюджеттен 76 млрд теңге сұралды. Аталған қаржы 2020-2022 жылдар аралығында барлық салымшыларға төленетін болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Нақтырақ айтқанда 2020 жылы 28 млрд 571 миллион теңге, 2021 жылы 24 млрд 167 миллион, ал 2022 жылы 23 млрд 629 миллион теңге үлестірілу көзделіп отыр. Бұл сома 2019-2021 жылдарға бекітілген қаражаттан 3 миллион теңгеге артық. Аталған сыйақыларды төлеу салымшылардың санын арттырып, оларды қаржы жинауға ыналатандыруға үлкен сеп болмақ екен.

Айта кету керек, 2019 жылы салымшылардың сны 15 пайызды құраса, 2020 жылы ол 14,96 пайызға тең болмақ. Ал 2021жылы олардың көрсеткіші 16,03 пайызға дейін ұлғаяды дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу