ТҚЖБ үлескерлік құрылыс жобасы бойынша өтініш қабылдай бастады

820

ТҚЖБ үлескерлік құрылыс жобасы бойынша өтініш қабылдай бастады

Бүгіннен бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары "Millenium Park-2" (14-блок, 2-таңба) тұрғын үй кешеніндегі салынып жатқан пәтерлерді сатып алушылардың пулына қатысу үшін өтініш бере алады, деп хабарлайды hcsbk.kz.

Кешен Астанадағы Тәуелсіздік алаңының маңында "Өз үйім" бағдарламасының аясында бой көтеруде. Құрылыс 2018 жылы ақпан айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал қазір банк клиенттері үлескерлік құрылыс қатысушысы атанып, тұңғыш рет болашақ пәтерді кепіл ретінде пайдалана отырып несие ресімдей алады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – "Өз үйім" бағдарламасының аясында Қазақстандағы Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының кепілдігі бар үлескерлік құрылыс жобасы бойынша несиелендіретін жалғыз ұйым. Бұл біздің салымшыларымызға салынып жатқан үйді белгіленген бағамен алуға мүмкіндік беріп отырғанымызды білдіреді", - деп түсіндірді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымының орынбасары Әділет Қожанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу