ТМД Атқару комитетінің миссиясы байқаушылардың жұмыс жағдайын атап өтті

825

ТМД миссиясының негізгі міндеті – еліміздегі сайлау науқанының барысын объективті бақылау.

ТМД Атқару комитетінің миссиясы байқаушылардың жұмыс жағдайын атап өтті

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылау үшін келген ТМД Атқарушы комитетінің байқаушылар миссиясының басшысы, РФ Федерация Кеңесінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондаревті қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қзыметі.

Кездесу барысында М. Сыздықов алдағы сайлауды ашық атмосферада өткізудің маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы елімізде көппартиялылық пен саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған теңдессіз саяси реформалар пакеті іске асырылды.

ТМД байқаушылар миссиясының басшысы ҚР СІМ-нің шетелдегі сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастырғаны туралы хабардар етілді. Тараптар сондай-ақ ТМД Парламентаралық Ассамблеясы желісі бойынша және екіжақты форматта парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапына байқаушылардың жұмысы үшін жақсы жағдай жасағаны үшін алғыс білдірілді. Ол пандемиямен байланысты қиындықтарға қарамастан, ТМД байқаушыларының жеткілікті өкілдік миссиясын құра алғанын атап өтті. Оның айтуынша, ТМД миссиясының негізгі міндеті – еліміздегі сайлау науқанының барысын объективті бақылау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу