ТМД байқаушылар миссиясы президенттік сайлау науқанына мониторинг жүргізуге кірісті

713

Миссия жетекшісі – ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.  

ТМД байқаушылар миссиясы президенттік сайлау науқанына мониторинг жүргізуге кірісті Фото: zakon.kz

ТМД байқаушылар миссиясы Қазақстандағы президенттік сайлау науқанына мониторинг жүргізуге кірісті. Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті төрағасының – атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ТМД байқаушылар миссиясы ұйымдастыру мәселелерін шешумен айналысатын штаб ашты. Оның қызметіне өңірлер бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, еліміздегі сайлау заңнамасын бағалау мәселелері кіреді.

Миссия құрамына ТМД-дан 100-ден астам адам кіреді. Оның ішінде 10-ы ұзақ мерзімді байқаушы.

"Қысқа мерзімді бақылаушылар Қазақстанға сайлау қарсаңында келеді. Біз барлық аймақ пен сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз", - деді Ильхом Нематов.

Оның айтуынша, барлық бақылаушы топтың жетекшілерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесі де құрылады.

Айта кету керек, осыған дейін ТМД байқаушылар миссиясы 21 қарашада қорытынды мәлімдеме жасайтынын жазған болатынбыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу