ТМД бақылаушылары референдумда орын алған заң бұзушылықтар туралы айтты

786

ТМД елдерінен келген бақылаушылар миссиясының жетекшісі Леонид Афимов Қазақстанда өткен референдумда қандай заң бұзушылықтарды байқағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТМД бақылаушылары референдумда орын алған заң бұзушылықтар туралы айтты

"ТМД бақылаушылары техникалық сипаттағы және миссияның пікірінше, референдум нәтижелеріне әсер ете алмайтын бірнеше және болмашы бұзушылықтарды атап өтті. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің бақылаушылар миссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары деңгейде өтті деп есептейді", – деді Афимов.

Бұл ретте ол миссия өкілдері қандай заң бұзушылықтар анықтағанына тоқталды.

"Мұны тәртіп бұзушылық деп атауға бола ма? Ресми түрде, иә, біз оны жазуға мәжбүр болдық. Күйеуі мен әйелі кабинаға бірге кірді. Одан кейін дауыс беру комиссиясының төрағалары бізге нақты уақытта қанша адам дауыс бергенін айтып отырмады. Біз талап етпедік, бірақ мұны да жазып отырдық. Менің ойымша, олар жалпы  көріністі бұзған жоқ", – деп жауап берді бақылаушылар миссиясының жетекшісі. 

Оның айтуынша, 5 маусым миссия өкілдері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ 17 шетелдік сайлау учаскелерінде дауыс беру және қорытындылау тәртібін бақылаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу