ТМД-да мина алаңдарына техникалық барлау жасайтын бөлімше құрылуы мүмкін

711

Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес қана жүзеге асырылады.

ТМД-да мина алаңдарына техникалық барлау жасайтын бөлімше құрылуы мүмкін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша келісім 2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Гуманитарлық минасыздандыру операцияларына қатысу үшін ұлттық инженерлік бөлімшені жіберуші тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды. Келісімде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындауға Бірлескен бөлімшені тарту мүмкіндігі көзделген. Қазақстан Республикасы мұндай бағыт БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес ғана мүмкін болады деп есептейді", – деп атап өтті спикер. 

Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеттері – мина алаңдарына және жарылу қаупі бар заттардың болуына техникалық барлау жасау, сондай-ақ оларды минасыздандыру. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу