ТМД-дағы тұңғыш Халықаралық арбитраж орталығы ашылды

1000

Қазақстан Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ғимараты мен Халықаралық арбитраж орталығын ашты.

ТМД-дағы тұңғыш Халықаралық арбитраж орталығы ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық арбиртраж орталығын ашты. Осылайша Қазақстан өз кезегінде ТМД елдерінің ішіндегі ағылшын құқығын қолданатын алғашқы мемлекет болды.

Президенттен бөлек жиынға министрлер кабинетінің өкілдері мен Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысты.

"Біз заманауи, кәсіби және дербес сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз. "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық арбитраж орталығын ағылшын құқығы қағидаты негізінде құру арқылы біз "Астана" халықаралық қаржы орталығының институционалдық құрылымын жасауды аяқтаймыз. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамаларының бірін жүзеге асырамыз", – деді Мемлекет басшысы жиында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу