ТМД елдері ақпараттық технология саласындағы қылмысқа тосқауыл қояды

1159

Бұл үшін бірлескен іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады. 

ТМД елдері ақпараттық технология саласындағы қылмысқа тосқауыл қояды

Сенаттың жалпы отырысында "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң қабылданды.

2018 жылы Душанбеде Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан елдері қол қойылған келісімді Өзбекстан мен Беларусь қана ратификациялады. Басқа елдер мемлекет ішіндегі рәсімдерді атқарып жатыр. 

Құжат ТМД елдері аумағында жасалатын қылмыстардың және ІТ саласындағы терминологияның ортақ түсінігін қамтамасыз етеді. 

Заң жобасы уағдаласушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруды көздейді. 

"Бірлескен іс-шаралар мен операцияларды жүргізу, кадр даярлау және оқыту, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен алмасу бойынша ынтымақтастық орнатылды. Заң қабылданғаннан кейін оның орындалуына жауапты құзыретті органдардың тізбесін белгілейтін үкімет қаулысы әзірленеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, оларға Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қаржы министрлігінің экономикалық тергеу қызметі жатады. Қажет болғанда мемлекеттер өзара іс-қимыл тәртібін қосымша анықтайды", – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу