ТМД елдері мемлекет басшылары кеңесінің келесі жиыны 2018 жылы Душанбеде өтеді.
Сочиде бас қосқан ұйым мүшелері ТМД-ға төрағалық ету мәртебесін Тәжікстанға берді. Өз кезегінде ел президенті Эмомали Рахмон қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік саммитке Қазақстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Молдава басшылары мен Қырғызстан премьер-минисрі қатысқан болатын. Сондай-ақ жиын барысында терроризмді қаржыландыру мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасы сынды бірқатар құжаттарға қол қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу