ТМД елдері қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы заң жобасы мақұлданды

1013

Заманауи әскери техникамен жарақтандыру жауынгерлердің даярлығын арттырады. 

ТМД елдері қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы заң жобасы мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев ТМД-ға қатысушылардың әскери байланысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісім 2020 жылғы 29 мамырда жасалды. Оның негізгі міндеттерін атап өтсек қарулы күштер басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында талап етілетін байланыс қызметтерін ұсыну әрі ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету. Екінші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматында құрылған әскери саладағы өзара іс-қимылдың біріккен жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, байланысқа ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы байланыс желілерімен қажетті үйлесімділікке қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету", – деп атап өтті спикер. 

Тимур Дәндібаевтың айтуынша осы келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің байланыс желілері ресурстарын ортақ пайдалана алады. 

"Бірыңғай техникалық тәсілдер және қазіргі заманғы әскери техникамен, байланыс жабдығымен басым түрде жарақтандыру негізінде құрылып жатқан бірлескен жүйе мемлекеттердің қарулы күштерінің жауынгерлік даярлығын арттырады", – деп түйіндеді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Осылайша мәжілісте "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу