ТМД елдері қызметтер саудасы туралы келісім қабылдауды жеделдетпек

636

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

ТМД елдері қызметтер саудасы туралы келісім қабылдауды жеделдетпек

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімді қабылдауды жылдамдатуға келісті.

"Қазіргі негізгі құрал – еркін сауда аймағы туралы келісім екені анық. Қосымша құрал – қызмет көрсету саудасы, инвестициялық мәселелердегі ынтымақтастық туралы келісім жобасы болуы керек. Бұл жұмыс Достастықтың барлық елдерінде де өте бір қалыпты жүргізілуде. Біз бұл құжатты қабылдауды жылдамдатамыз деп келістік", – деді Сұлтанов кездесу барысында.

Вице-премьер бұл келісімнің ТМД елдерінің экономикасы, кәсіпорындары, өнеркәсіптері мен бизнесмендері үшін аса маңызды екенін түсіндірді.

"Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етуде. Біз одан әрі өңірлік консолидация мен Достастықтағы ынтымақтастықта ілгерілеудің ортақ мақсаттарына қол жеткізу үшін белсенді бірлескен жұмысты жалғастырамыз", – деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу