ТМД елдері трансшекаралық қылмыс туралы құжат қабылдамақ

2396

Бұл бастама туралы Ташкентте өтіп жатқан ТМД елдері қауіпсіздік органдарының 47-шы отырысында мәлім етілді.

ТМД елдері трансшекаралық қылмыс туралы құжат қабылдамақ

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников ТМД елдерінің арнайы қызметі қауіпсіздік органдарының басшыларына Достастық мемлекеттеріне трансшекаралық қылмыстан келетін қатерлер туралы құжат қабылдауды ұсынды. Бұл бастама туралы ол Ташкентте өтіп жатқан ТМД елдері қауіпсіздік органдарының 47-шы отырысында мәлім етті.

ТМД мемлекеттерінің терроризмге қарсы орталығының басшысы Андрей Новиков лаңкестікке қарсы бірлескен оқу-жаттығудың қорытындылары туралы есепті және орталықтың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынады. Сондай-ақ келесі жылға арналған жұмыс жоспары бекітілмек.

Бортников ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастық, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, халықаралық көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын ала тергеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиялар жұмысының басталғанын айтты.

Айта кететін жайт, қауіпсіздік органдарының 47-шы отырысы Ташкент қаласында бірінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Кеңес жұмысына бақылаушы ретінде қатысқан. Өзбекстан 2018 жылдың 5 шілдесінде Кеңестің толық құқықты мүшесі болып қабылданды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу