Екі күнге созылған жиын волонтерлік қозғалысты дамыту, тәжірибе алмасу және мемлекеттер арасындағы әріптестікті нығайтуға арналды.
Форум барысында инклюзивті, жастар, экологиялық және корпоративтік волонтерлікті дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, мәдени мұраны сақтау және халықаралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар волонтерлер мен үйлестірушілерді даярлау, кәсіби волонтерлікті дамыту, корпоративтік бастамаларды жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану бағыттарын да қарастырды.
Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 300-ге жуық делегат қатысты. Олардың арасында мемлекеттік органдардың өкілдері, волонтерлік ұйымдар мен еріктілер бар.
Форум соңында қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі қарар қабылдады. Сонымен қатар ТМД волонтерлерінің форумын жыл сайын Достастық елдерінің бірінде өткізу жоспарланып отыр.
Жаңа бастама ТМД кеңістігіндегі волонтерлер арасындағы байланысты күшейтіп, ортақ жобалар мен тәжірибе алмасуға жол ашпақ.