ТМД елдері ядролық апат пен радиациялық ахуал жағдайында күш біріктіреді

570

Мәжіліс "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау" туралы заң жобасын қабылдады.

ТМД елдері ядролық апат пен радиациялық ахуал жағдайында күш біріктіреді

Бұл келісімге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, 
Тәжікстан, Өзбекстан Республикалары қол қойған. 

"Бүгінде біз тәжірибе жүзінде коронавирустық эпидемиямен, COVID-19 пандемиясымен және басқа да жұқпалы аурулардың басталуымен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл төтенше жағдайларға тиімді ден қоюды, сондай-ақ көршілес елдердің, оның ішінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің жедел ден қою әрекеттерін үйлестіруді қажет етеді", – деді энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Оның сөзінше, келісімге сәйкес ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуал туындаған жағдайда мамандандырылған авариялық-құтқару құрылымдарын, мамандарды, жабдықтарды, көлік құралдарын трансшекаралық ауыстыру рәсімі шұғыл шешіледі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу