ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

1082

ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

ТМД статкомитетінің деректері бойынша достастық елдерінде 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6% артты (2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда – 1%).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2017 жылғы желоқсанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,3% артты (2016 жылғы желтоқсанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда - 7%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 10,1% артты (2016 жылғы желтоқсанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 12,9%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу