ТМД елдерінің гуманитарлық минасыздандыруының мәртебесі айқындалды

863

Сенаторлар "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТМД елдерінің гуманитарлық минасыздандыруының мәртебесі айқындалды

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов: "Келісімнің мақсаты – гуманитарлық минасыздандыру міндетін орындау үшін бірлескен бөлімшені құру, қолдану, оның мәртебесін айқындау. Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеттері – мина алаңын, нысандарды минаның жарылу қаупі бар заттардың болуына техникалық барлау, сондай-ақ оларды минасыздандыру, жауынгерлік іс-қимыл болған ауданды минадан әрі жарылу қаупі бар заттан тазарту", – деді. 

Оның сөзінше, гуманитарлық минасыздандыру операцияларына қатысу үшін ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы шешімді жіберуші тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды. Келісімде бірлескен бөлімшені ТМД-ға қатысушы мемлекет болып саналмайтын ел аумағында гуманитарлық минасыздандыру міндетін орындауға тарту мүмкіндігі көзделген. Қазақстан Республикасы мұндай бағыт БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мандатына сәйкес мүмкін болады деп есептейді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу