ТМД елдерінің II Ойындары аяқталды

340

ТМД елдерінің II ойындарының жабылу салтанаты "Минск-Аренада" өтті. 

ТМД елдерінің II Ойындары аяқталды Фото: pixabay

Осы жаздағы ең ауқымды спорттық іс-шара өз мәресіне жетті, деп жазады Inbusiness.kz БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Түрлі-түсті шоуды күткен мыңдаған көрермен аренаның төріне жиналды. Спорттық мерекеге қатысушылар мен қонақтар үшін есте қаларлық бағдарлама дайындалды.

Ауқымды спорт форумының он күні көзді ашып жұмғанша өте шықты. Беларусь елінің он қаласында өткен жарыстар спортшылар мен жанкүйерлерді бей-жай қалдырмай, ауқымды әрі айтулы спорттық оқиға ретінде тарих бетінде қалары сөзсіз.

Мерекелік рәсім басталмай жатып "Минск-Арена" алаңдарында жиналған қауымның қарасы көп болды. Ауа-райы да қолайлы еді.

Салтанатты рәсім кезінде сахнаға спортшылар, жаттықтырушылар, еріктілер және олар бейнелейтін елдердің жалаулары бар ойындардың басқа қатысушылары шықты. ТМД туы Әзербайжанға берілді, себебі онда 2025 жылы Достастық елдерінің келесі ойындары өтеді. Ал Беларусьте өткен ойындардың нүктесін ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қойды.

"Минск-Арена" қонақтары үшін импровизацияланған дискотека ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бағдарламаға жастарға танымал әндерді қосып, жас пен кәрінің көңілінен шықты. Сахнада билеген спортшылар мен еріктілер олардан қалыс қалмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу